"Қыздарға әсемдік жарасады"
31-қаңтар мектебіміздің психологиялық қызметі 8-11-сынып аралығындағы қыздармен "Қыздарға әсемдік жарасады" тақырыбында кездесу өткізді.Педагог-психолог қыздармен кездесуде әсемдік тек сыртқы көрініс емес, адамның ішкі дүниесі де әдемі болуы керектігін түсіндірді. ДТІЖО А.С.Абильдина қазақ салт-дәстүрінде «Қызға қырық үйден тыйым» тәрбиелік ұғымы туралы атап өтті.Мектеп медбикесі Ф.К.Сахабина "Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны" туралы сөйледі.
Дата публикации: 31.01.2025